«Құмырсқа мен Шегіртке» ертегі желісі бойынша » «Зердеш-2» балабақшасы»
«Зердеш-2» балабақшасы»
«ZERE KINDER»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН: 210440027009
Қабылдау бөлімі:
+7(778) 302-00-87
"Әдіскер:
+7(778) 302-00-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құмырсқа мен Шегіртке» ертегі желісі бойынша
27
қаңтар
2025

«Құмырсқа мен Шегіртке» ертегі желісі бойынша

 

Тақырыбы: А. Құнанбаев. И. А. Крыловтан

«Құмырсқа мен Шегіртке» 

ертегі желісі бойынша


 Мақсаты: Балалардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, тілін дамыту
 Еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлыққа тәрбиелеу.


Сахна мерекеге сай безендірілген. Балалар музыка ырғағымен кіреді. 

Би қимылдарын орындап болған соң, орындарында тұрып 

«АЛТЫН КҮЗ» әнін орындайды.


Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұжымдастар және «Толағай» тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша  «Алтын күз»    атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған,   сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . 

Ендеше « Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.


Алтын күз ,жаңбырлы күз,

Жомарт күз,суығына шыдайтын,

Сұлулығына көз тоймайтын ,

Алтын күздің тойында. Дей келе ортаға Толағай тобының балаларын қарсы аламыз


ТАҚПАҚ – Айбар, Әлия, Жасмин, Даурен


Соңғы шуақ төгіліп,

Жарқырап тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап. Айбар

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды,

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды. Алия

жұлдыз туып таң алды,

Әнге орап ғаламды,

Сазды әуен шаттыққа

Бөледі бар адамды. Жасмин

Алақай, алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті дән пісті

Айтамыз алғысты Даурен



Жүргізуші: Бүгін біздің ертеңгілігіміз ЕРТЕГІ ЖЕЛІСІ бойынша өтеді,

А. Құнанабаевтің «ШЕГІРТКЕ МЕН ҚҰМЫРСҚА» ертегісін алып отырмыз. Олай болса балаларымыз өз кейіпкерлерінің костюмын киіп келгенше, ұлдарымыздың тақпағын тамашалаңыздар.


ЕРТЕГІ БАСТАЛАДЫ!


ДАУЫС: А. Құнанбаев аудармасы,  «Құмырсқа мен Шегіртке»  Иван Крыловтың мысалы. «Қыстың қамын жазда ойла» - дегендей жаз мезгілі де аяқталып, қоңыр   салқын, күз келіп, қыстың ызғары байқалған сайын . . . 


Шырылдауық шегіртке 

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап, 

Қызықпен жүріп жазды алған – Енді шегіртке кімнен көмек сұрар екен?  


БИ  -  «ЖАПЫРАҚТАР»  (Фатима, Мариям, Айару, Ажар, Ерке, Айзере)


БИ «АРАЛАР» (Айбар, Жасмина, Жасмин, Әлия, Алуа) билеп болған соң Алуа мен Жасмина, Інжуге қарап..



Ара Алуа:

Күз келіпті тамаша,

Айналаға қараса

Гүлдерге біз бал жинап,

Тыным таппаймыз таласа.


Ара Жасмина:

Шырылдауық шегіртке 

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып қыдырып,

Қызықпен жүріп күз қалған.



Шегіртке Інжу:

Бар жұмысым, еңбегім

Талай қанат қағамын.

Еңбекті бос көрмеймін

Қыс мезгілде ұйықтаған

Жаз мезгілде думандап,

Ән саламын, қызықтап. 


Аралар кетіп қалады, Шегіртке биін жалғастырып, көңіл көтереді.


Ортаға қоңыздар шығады. 

(Даурен, Омар)


Қоңыздар биі


Мустафа: 

Эй, шекілдеуік шегіртке

Сен үйсіз, күйсіз қалдың

Мен мүйізі бар қоңызбын.

Менен саған көмек жоқ,

Айналаңа қара

Бәріміз күзде, қысқа дайынбыз!


Інжу: Мен ән салып, би билеп жүргенде достарымның барлығы қысқа азығын жинап алыпты, Енді кімнен көмек сұраймын? – деп бетіп басып жылайды.


Құмырсқа (Аңсар): Сәлем, шегіртке неге жылап отырсың?

Шегіртке (Інжу): Құмырсқа, маған жылу, тамақ берші, жазға дейін асыра.



Құмырсқа (Аңсар): Мұның бәрі сөз емес,
 Жаз өтерін білмеп пе ең?
 Жаның үшін еш шаруа
 Ала жаздай қылмап па ең?
 
 Мен өзіңдей шаруашыл,
 Жұмсақ илеу үйлі ме?
 Көгалды қуып, ән салып,
 Өлеңнен қолым тиді ме?


Шегіртке: Иә, мен жаз бойы секендеп би билеп, ән салып жүрдім. Сен мені аяшы! Қасыңа алшы, от жағамын, су тасимын. 


Құмырсқа: Секендеп ән салмай, еңбек ету керек еді. Көмекті күзгі жапырақтардан сұра!


Құмырсқа биі 

(Аңсар,Мустафа,Әмір,Арсен,Тимош,Сержан)


Шегіртке: Сыңғырлаған күзгі жапырақтар, мені кешіріңдершы. 


Жапырақтар: Біз саған көмектеспейміз (Бәрі бірге)

Өзің секілді АРАны қарашы қысқа дайындалып, азығын жинап алды.

Шегіртке: Араның қасына барып, Аралар мені бір жолға кешіріңдершы. 


Ара: Неге менен кешірім сұрайсың, мен еңбек етпеген жәндікпен дос болмаймын. Оданда барып доңыздан кешірім сұра. 

                                           

Шегіртке: Қоңыздың  қасына барып, Қоңыздар, қоңыздар  мені бір жолға кешіріңдершы. 


Қоңыз: Шырылдауық шегіртке, ұшып жүріп ән салып, басыңа іс түскенде, доспыз деп жан саласың, жоқ біз сені кешірмейміз. 


Осы кезде құмырсқа жүгіріп келіп:


Құмырсқа: Достар бір жолға Шегіткені кешірейік, 

Қалай еңбек ету керегін үйретейік!


Бәрі ортаға жарты шеңберге тұрады. Шегіртке атып шығып


Шегіртке:

Алғыс айтамын сендерге

Қиындыққа тастамадыңдар.


Мен енді сауық-сайран құрмаймын.


Құмырсқа:

Еңбек бәрін жеңбек достым!

Автор сөзі 


Ән «» персанаждар ғана

айтады


Тақпақ: Ажар, Айару, Мариям, Айзере, Фатима, Ерке


Күзде дала жаурайды

Көкте бұлттар аунайды

Бұтағынан үзіліп

Жапырақтар саулайды Арсен

Әуенге еріп сиқырлы,

Айтылды ән боп сыр қилы.

Күзгі әуен жастардың

Жүрегіне нұр құйды. Темірлан

Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап қап қауын алдық біз Сержан

Келді міне алтын күз

Қуанды халқымыз

Жеміс жинап бақшадан

Шаттанамыз бәріміз Әмір

Жердің көркі қашады,
 Таулардан бұлт асады.
 Қайтып күннің қызуы,
 Шөпті қырау басады. Мустафа

















Ойын ата-аналарға


Тақпақ: жігіттер Арсен, Тимош, Сержан, Әмір, Мустафа












Бұлттанып заңғар аспаным

Толтырды жасқа жанарын

Құстар да қайта бастады

Суықтың сезіп хабарын Ажар

Көктен көзін бір алмай,

Қызғылыт тартты кәрі күз.

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз. Айару

Мүлгиді сай — саламыз,
 Біздің жомарт даламыз.
 Дәнін жинап алған соң,
 Жатыр үнсіз сары аңыз
 Ызғарлы жел қатайды
 Мұны күз деп атайды.  Мариям

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып - теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз. Айзере

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз алтын. Фатима

Сары алтын патшайындай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылыс берген сыйдай. Ерке



Мода


Жігіттермен ойын


Ән: Алтын күз

Все



Похожие публикации:

27 қаңтар 2025 Сиқырлы жаңа жыл
27 қаңтар 2025 Жарқыра жаңа жыл
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив