Сиқырлы жаңа жыл
«Сиқырлы Жаңа жыл» атты
ересек Ертөстік: тобына арналған ертеңгіліктің сценарийі
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Бақыт, шаттық,молшылық пен тыныштық
Бәрімізге әкелсін жыл ырыс құт.
Балалар біз қандай мереке тойлап жатырмыз
Балалар: жаңа жыл
Тақпақтар: Бекхан, Ибрахим, Адия, Аяна, Арнұр
Бекхан
Қараңдар мынау шыршаға,
Неткен әсем көрікті.
Жаңа жылдық думанға,
Аяз ата келіпті.
Аяна
Ал, балалар билейік,
Ойнайық та, күлейік.
Аяз ата қуансын,
Тақпақ айтып берейік.
Ибрахим
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Адия
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Арнұр
Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! Балалар қыс мезгілінде қандай құбылыстар болады? Далаға шыққанда қар атыспақ ойынын ойнаймыз ба? Ал, аққала жасағанды ұнатамыз ба? Аққаланы қалай жасаймыз? Олай болса аққала әнін орнымыздан тұрып орындап берейік.
ӘН: «АҚҚАЛА»
Жүр; Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Әдемі безендірген екен!
Бізге келген
ҰЛУ: Салеметсіңдер ма, балалар! Мен ескі жыл ұлумын, сендерді қимай келіп қалдым! Негізі жаңа жыл ЖЫЛАНДЫ іздеп шыққанмын, бірақ әлі таппадым. Бәлкім сендер маған көмектесесіңдер.
Жүргізуші: Әрине ұлужан, бәріміз саған көмектесеміз. Жаңа жыл біздің ән-биімізді естіп өзіде келіп қалар. Біздің балалар жаңа жылға арнап сұлу қыздарымыз би билеп бермекші. Шамдар биін қабыл алыңыздар
Би «Шамдар»
Ұлу: Жарайды ендеше тындап көрейін.
Тақпақ:Арлан, Закария, Жанерке, Клара
Арлан
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жасара
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Закария
Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр,
Ақ көрпеге оранып.
Жанерке
Келді міне жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз.
Күліп ойнап,би билеп,
Ән салайық бәріміз.
Клара
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей,
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.
Ерхан
Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде!
Ұлу: Жарайсындар балалар сендердің өнерлерін маған ұнады, ал ендеше мен сендермен бірге қызықты ойыныным бар ойнайықшы! Ойнағыларын келе ме?
Ойын:
Ұлу: Жарайсындар балалар, маған өте ұнадыңдар мен сендерге Аяз ата мен ақшақарды шақырайық.
(Осы кезде Ақшақар болып киінген ҚАР ХАНШАЙМЫ кіреді).
Жүргізуші: Сен кімсің?
Қар ханшайымы: Мен Ақшақармын!
Жүргізуші: Балалар Ақшақар ма?
Балалар: Жоқ, бұл қатал ҚАР ХАНШАЙЫМЫҒОЙ.
Қар ханшайымы: А-а сендер Аяз-ата мен Ақшақарды күтіп отырсыңдар ма? Мен оларды қатырып тастадым! (күледі) Неге бәрің сәнденіп алғансыңдар. Ешқандай мереке болмайды. Аяз ата мен Ақшақар енді сендерге келмейді.
Жүргізуші: Сіз ашулануды қойыныз біздің балалар, сіздің көңілінізді көтермекші Сізге арнап өнерлерін көрсетпекші.
Қар ханшайымы: Неге үнемі Аяз атамен, ақшақарды ғана шақыра бересіңдер, менде сендердің өнерлеріңдң тамашалап көргім келеді. Ал, балалар сендердің қандай өнерлерін бар көрейін.
Жүргізуші: Қар ханшайымы балалар сізге арнап би билеп береді ендеше ұлдарымыздың орындауында «Санта» биін қабыл алыңыздар
Би «Санта»
Тақпақтар: Дәрмен,Самат, Айару,Даниал, Дария
Дәрмен
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Самат
Жаңа жылды қарсы қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр
Айару
Тамаша сый алып,
Келді аяз атамыз
Шаттанып,қуанып
Шырқап ән айтамыз.
Даниал
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанынд
Билеп барлық бала жүр.
Дария
Әкелсін жыл ырыс-құт
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым тамаша
Жүргізуші: Қар ханшайымы, біздің тобымыздың өнерлері ұнадыма сізге
Қар ханшайымы: Жарайсыңдар сендер менің көңілімді көтердіңдер мен сендерге Аяз ата мен Ақшақарды жиберейін. ( Шығып кетеді)
Жүргізуші: Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы) Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық.
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
ӘН «ОРМАНДА ШЫРША ТУЫПТЫ» хоровод
Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар алыстан шаршап келген шығарсыздар дем алып отырыныздар. Балалар сіздерге арнап ___________ дайындаған екен, соны тамашалап, бағасын бере отырыңыздар.
Жүргізуші: Балалар біз қандай жылды шыгарып салайық деп жатырмыз.
Балалар: ҰЛУ ЖЫЛЫН.
Жүргізуші: Ендеше ескі жылымызға рахметімізді айтып, шығарып салайық.
ҰЛУ:
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Ұлу - Балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сіздерге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!
Аяз ата: Балалар ендеше біз ортаға жаңа жылымызды шақырайық.
(музыкамен шыршанын жанынан жылан шығады)
Жылан:
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
Жылан: Балалар сендер қандай әдемісіңдер .Балалар мен сендерге әкелген сыйлығым бар . Аяз ата сендерге таратып береді.
Жүргізуші: Жаңа жыл сіз бізге сыйлық әкелген екнсіз, ал біздің балалар сізге арнап билері бар. Сіз балалармен бірге би билеңіз.
БИ: «Флешмоб»
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Сиқырлы, Жаңа жыл!» атты мерекеміз аяқталды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!