"Армысың ,Алтын күз" » «Зердеш-2» балабақшасы»
«Зердеш-2» балабақшасы»
«ZERE KINDER»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН: 210440027009
Қабылдау бөлімі:
+7(778) 302-00-87
"Әдіскер:
+7(778) 302-00-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
қаңтар
2025

"Армысың ,Алтын күз"

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата- аналар мен  балалар! Ел байлығын     арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп, қуанышпен қарсы алайық.  Бүгінгі «Алпамыс»   тобының «Армысың, алтын күз»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Береке бақ дарыған, 
Жомарт көңіл, жарқын жүз. 
Сары алтынға малынған, 
Жетті міне, алтын күз! -  Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама  түрлі –  түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам? 


Балалар:Күз мейрамы!   

Жүргізуші: Олай болса, Күз мейрамына арнап «Алтын күз» әнін шырқайық!!!


Ән: «Алтын күз»  фортепианомен


Тақпақ; 5 бала

Сафия
Қарашы күз келді,күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді

Айша

Алақай,Алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті,дән пісті

Айтамыз алғысты

Мансұр
Күз келді,алақай
Алтын келді далаға 
Дәні біттік бидайды
Құйып жатыр қамбаға
Асанали
Күзімау Күзімау
Мінезің бұзықау
Жаңбырың сіркіреп
Келгеннің қызықау

Айсана

Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет тамаша

Қандай әсем күз 

Жүргізуші:Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты. 
(Осы кезде, жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді)

Бұлт:Сәлеметсіңдер ме, балалар!


Балалар:Сәлеметсіз бе!


Бұлт:
Күзгі көк бұлт мен болам 
Көтеріліп теңізден, 
Аспанға биік барамын 
Қаласам қазір сендерге 
Жаңбыр болып жауамын. 
(Балаларға жаңбыр шашады).


Бұлт:Балалар, Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?

Балалар:Жоқ! 

Бұлт:Аяқтарымыз су болып қалады деп қорықпайсыңдар ма?

Балалар:Жоқ!

Бұлт:Мен енді күнде төніп, жаңбыр жаудырамын. Күн күркіреп, даланың бәрі су болады. 

ЖүргізушіҚатал бұлт, сенің көңіл күйің неге жоқ, оданда біздің балалармен қосылып би билеп, ән айтып, аспанды ашып, күннің көзін көрсетсеңші. 


Бұлт: Жоқ, қазір жаңбыр жауып, мына жердің бәрін су қыламын. Балалардың әдемі костюмдарының бәрі су болады. 


ЖүрҚатал бұлт, сен ашуыңды бас, қарашы біздің балалар саған арнап ән дайындаған екен, соны тамашала

Ән : «Қатал бұлт»

Тақпақ 4 бала

Алим 
Сап сары маңай 
Сап сары тоғай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып
Али
Жетті желмен алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз
Нұрай
Көрініп еліме
Күндері мереке
Келдіғой жеріме
Күз дейтін мереке
Айару
Берекесін сыйлауға 
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға 
Шақырады біздерді

Бұлт:Қандай керемет өнерлі балалар, АААА


Жүргізуші:Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде жарқыраған күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамызға күнді қонаққа шақырыйық.(балалар орындарына отырып, күнді шақырады). 


Балалар:Қолымызды жайяық!

Алтын күнді шақырып.

Қол соғайық жабыла,

Қане тағы, тағыда!!!


(Көңілді музыка әуенімен Күн келеді.)

Күн:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?


Балалар:Иә!сізді шақырдық»


Күн:
Мен жарқырап төбеде, 
Нұрын төгіп тұрамын. 
Шуақ шашып бәріне, 
Бала жанын ұғамын.

Бұлт:
Күн, күн, тоқтай тұр! 
Сөзімен менің құлақ тұр. 
Ішім толы суға, 
Сусыз өмір бола ма? 
– Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!

Күн:Жоқ, мен мықтымын! 
(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдатады)


Жүргізуші:Тынышталыңдар,  дауласпандар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін Күз Аруын қонаққа шақырайық. Олай болса, «Қарбыз» биін бийлеп берейік балалар, Күз аруы  бізді байқап, өзіде келіп қалар.

Би «Қарбыз»
(Музыка әуенімен Күз аруы келеді)

Күз аруы:Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
Ырысқа толы қоймалар, 
Сабан тойы тойланар. 
Берекелі күз болам, 
Байлыққа мұртың майланар. 
– Сендер мені шақырдыңдар ма?

Жүргізуші:Сәлеметсің бе,  Күз аруы! Сені шақырған біздің балалар. Күз аруы, сен бізге көмектесші. Бұлт пен Күн екеуі кім мықты, кім бірінші деп дауласып тұр.


Күз аруы:Олар неге олай дауласады? Қане, балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық. Ол үшін ойын ойнайық.


Ойын: «Тамшылар мен жапырақтар» 
(Жерде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. 2 – 4 бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды.)


Күз ару-Енді мен осы жерден әдемі, сүйкімді балаларды  көріп тұрмын. Байқаймын балалар ән салып би билеп беретін секілді? 


Жүргізуші:- Әрине Күз аруы . Қысылып еш саспаңдар

Қызықты ән бастаңдар

Қонақтардың көңілін,

Бір көтеріп тастаңдар.- Балаларымыздың орындауында     «Орман»әнін тамашалаңыздар.


Ән «Орман» 

(Балалар ән айтып  жатқанда Күн мен Бұлт себеттегі тамшылар  мен жапырақтарды  алмалар мен алмұрттарға айырбастап қояды).


Күз аруы:Біздің достарымыз Күн мен Бұлт қайда кеткен?

Бұлт:Күз аруы, қарашы, біздің жапырақтарымыз бен тамшыларымыз сиқырлы екен!

Күн:Олар тәтті алмаларға және алмұрттарға айналып кетіпті.

Тақпақ 5 бала

Алан

Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп 

Көз тартады атырап


Амирали

Жайдарлы күз

Жомарт күз

Аяулы күз

Алтын күз

Медина

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Куз әуені кеп жеті

Әнге бөлеп жастарды

Абу Мейір
Нұрға бөлеп жастарды 
Жырға бөлеп көңілді 
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді

ЖүргізушіБіздің топтың балалары би билеуге дайын тұр. Келесі кезекті «Дәрумендер» биіне берейік. 


Би: «Дәрумендер » биі


Күз аруы:Маған балапандарымыздың биі  де айтқан тақпақтары да өте қатты ұнады! Балалар көрдіңдерме Күн мен Бұлт екеуі татуласып дос болды. Енді олар бір-бірін ешқашан ренжітпейді. Сендерде әрдайым осылай дос болыңдар балалар!!!

Жүргізуші Күз аруы Бұлт Күн біздін әдемі қыздарымыздың сіздерге арнаған сән үлгілері де бар соны тамашаласақ қайтеді

Мода

Барлық кейіпкерлер (Күн, Бұлт, Күз):Ал, балалар, енді біздің қайтатын уақытымыз болып қалды. Енді басқада балабақшаларға барып осындай мерекелерге ойын сауық сыйлап балаларды қуантайық. Сау болыңдар балақайлар! Көріскенше күн жақсы!!!


Балалар:Сау болыңыздар!


Жүргізуші:Балалар, міне біздің мейрамымыз да аяқталды.  Бірақ күз бізбен әлі қоштаспайды.  Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.

Берекелі бақ – дәулет 
Арта түссін тойланып. 
Сау болайық бәріміз, 
Келгенше күз айналып!


Жүргізуші:-Құрметті қонақтар, осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталып келеді. Ертеңгілігімізге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Аспанымыз ашық, жүздеріңіз жарқын болсын!


(Балалар музыка ырғағымен залдан шығады)


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив