Берекелі , мерекелі күз.


Әдемі музыка әуенімен балалар қолұстасып кіріп келеді. Жарты шеңбер бойында тұрып би қимылдарын жасайды.
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата- аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп, қуанышпен қарсы алайық. Бүгінгі «Ертөстік» орта тобының «Берекелі ,мерекелі күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз! - Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі – түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар:Күз мейрамы!
Жүргізуші: Олай болса, Күз мейрамына арнап «Алтын күз» әнін шырқайық!!!
Ән: «Алтын күз» фортепианомен
Тақпақ; 6бала
Сұлтан; Күзде дала жаурайды
Көкте бұлттар аунайды
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды
Әділхан; Алақай, алақай
Шаттанды балақай
Күз түсті дән пісті
Айтамыз алғысты
Мәриям М; Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет тамаша
Қандай әсем күз
Асылым; Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды
Күз әуені кеп жетті
Әнге бөлеп жастарды
Диар; Нұрға бөлеп өмірді
Жырға бөлеп көңілді
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді
Айкүнім; Күз келді күз келді
Қуантып біздерді
Жапырақ сарғайып
Табиғат өзгерді
Жүргізуші:Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты.
(Осы кезде, жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді)
Бұлт:Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:Сәлеметсіз бе!
Бұлт:
Күзгі көк бұлт мен болам
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын
Қаласам қазір сендерге
Жаңбыр болып жауамын.
(Балаларға жаңбыр шашады).
Бұлт:Балалар, Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Балалар:Жоқ!
Бұлт:Аяқтарымыз су болып қалады деп қорықпайсыңдар ма?
Балалар:Жоқ!
Бұлт:Мен енді күнде төніп, жаңбыр жаудырамын. Күн күркіреп, даланың бәрі су болады.
Жүргізуші: Қатал бұлт, сенің көңіл күйің неге жоқ, оданда біздің балалармен қосылып би билеп, ән айтып, аспанды ашып, күннің көзін көрсетсеңші.
Бұлт: Жоқ, қазір жаңбыр жауып, мына жердің бәрін су қыламын. Балалардың әдемі костюмдарының бәрі су болады.
Жүр: Қатал бұлт, сен ашуыңды бас, қарашы біздің балалар саған арнап бидайындаған екен, соны тамашала
Ән мен би: «Қатал бұлт»
Тақпак; 5 бала
Айзере; Күн салқын болады
Жаңбыр да жауады
Бұлттардан тамшылар
Тырс тырс тамады
Д Мәриям; Күзгі жел еседі
Жемістер піседі
Берекелі мезгіл
Алтын күз деседі
Аруна; Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке
Елсәуле; Алқаптағы бидайды
Қоймаға ел жинайды
Әміре; Тырналары тізілген
Ұнатамын күзді мен
Бұлт:Қандай керемет билерің, ААААА! Ойын-ойнайсыңдарма менімен? Қазір мен сендерді ұстап аламын.
Ойын: «Жаңбырдан қорықпаймыз»
Жүргізуші балалармен:
Жаңбыр, жаңбыр, жау, жаңбыр!
Жаңбыр келіп жауады
Тамшылары тамады.
(Әуеннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, Бұлт орындықта отырып ұйықтайды. Бұлт балалардың даусынан оянып, оларға су шашады, сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін орыңдарына отырады).
Бұлт:Балалар, сендер барлығын жылдам және шапшаң екенсіңдер, мен сендерді ұстай алмадымғой.
Жүргізуші:Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде жарқыраған күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамызға күнді қонаққа шақырыйық. (балалар орындарына отырып, күнді шақырады).
Балалар:Қолымызды жайяық!
Алтын күнді шақырып.
Қол соғайық жабыла,
Қане тағы, тағыда!!!
(Көңілді музыка әуенімен Күн келеді.)
Күн:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?
Балалар:Иә!сізді шақырдық»
Күн:
Мен жарқырап төбеде,
Нұрын төгіп тұрамын.
Шуақ шашып бәріне,
Бала жанын ұғамын.
Бұлт:
Күн, күн, тоқтай тұр!
Сөзімен менің құлақ тұр.
Ішім толы суға,
Сусыз өмір бола ма?
– Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!
Күн:Жоқ, мен мықтымын!
(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдатады)
Жүргізуші:Тынышталыңдар, дауласпандар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін Күз Аруын қонаққа шақырайық. Олай болса, «Кап-кап» әнін шырқайық, Күз аруы бізді байқап, өзіде келіп қалар.
Ән: «Кап-кап»
(Музыка әуенімен Күз аруы келеді)
Күз аруы:Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Ырысқа толы қоймалар,
Сабан тойы тойланар.
Берекелі күз болам,
Байлыққа мұртың майланар.
– Сендер мені шақырдыңдар ма?
Жүргізуші:Сәлеметсің бе, Күз аруы! Сені шақырған біздің балалар. Күз аруы, сен бізге көмектесші. Бұлт пен Күн екеуі кім мықты, кім бірінші деп дауласып тұр.
Күз аруы:Олар неге олай дауласады? Қане, балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық. Ол үшін ойын ойнайық.
Ойын: «Тамшылар мен жапырақтар»
(Жерде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. 2 – 4 бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды.)
Күз ару-Енді мен осы жерден әдемі, сүйкімді балаларды көріп тұрмын. Байқаймын балалар би-билеп береді ме?
Жүргізуші:- Әрине Күз аруы . Қысылып еш саспаңдар
Қызықты би бастаңдар
Қонақтардың көңілін,
Бір көтеріп тастаңдар.- Балаларымыздың орындауында «Қарбыз» биін тамашалаңыздар.
Би: «Қарбыз биін» балаларбилейді
(Балалар би билеп жатқанда Күн мен Бұлт себеттегі тамшылар мен жапырақтарды алмалар мен алмұрттарға айырбастап қояды).
Күз аруы:Біздің достарымыз Күн мен Бұлт қайда кеткен?
Бұлт:Күз аруы, қарашы, біздің жапырақтарымыз бен тамшыларымыз сиқырлы екен!
Күн:Олар тәтті алмаларға және алмұрттарға айналып кетіпті.
Тақпақ
Ханзада; Күзім ау күзім ау
Мінезің бұзық ау
Жаңбырын сіркіреп
Келгенің қызық ау
Каусар; Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Бекарыс; Жапырақ ұшты
Суық та түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде
Айша; Сап сары маңай
Сап сары тоғай
Соңғы әнің айтып
Құс келді қайтып
Айсұлтан; Жеміс жейдек пісті
Қамбаға астық түсті
Қызу жұмыс басталып
Жинап алды жан салып
Жарайсындар балалар барлық балалар өте ақылды екен
Жүргізуші: Біздің топтың балалары би билеуге дайын тұр. Келесі кезекті Көкөністер биіне берейік.
Би: «Көкөністер » биі
Күз аруы:Маған балапандарымыздың биі де айтқан тақпақтары да өте қатты ұнады! Балалар көрдіңдерме Күн мен Бұлт екеуі татуласып дос болды. Енді олар бір-бірін ешқашан ренжітпейді. Сендерде әрдайым осылай дос болыңдар балалар!!!
Барлық кейіпкерлер (Күн, Бұлт, Күз):Ал, балалар, енді біздің қайтатын уақытымыз болып қалды. Енді басқада балабақшаларға барып осындай мерекелерге ойын сауық сыйлап балаларды қуантайық. Сау болыңдар балақайлар! Көріскенше күн жақсы!!!
Балалар:Сау болыңыздар!
Жүргізуші:Балалар, міне біздің мейрамымыз да аяқталды. Бірақ күз бізбен әлі қоштаспайды. Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.
Берекелі бақ – дәулет
Арта түссін тойланып.
Сау болайық бәріміз,
Келгенше күз айналып!
Жүргізуші:-Құрметті қонақтар, осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталып келеді. Ертеңгілігімізге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Аспанымыз ашық, жүздеріңіз жарқын болсын!
(Балалар музыка ырғағымен залдан шығады)