Жарқыра жаңа жыл
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесіне байланысты ән, тақпақ, би үйрету. Жаңа жыл кейіпкерлермен таңыстыру, ойындарды ойнатқызу, мерекеге қызығушылық тудыру. Мейірімділікке, адамгершілікке баулу.
Қатысатындар: Аяз- ата, Ақшақар, Қоян, Жылан
Әуен қосылып балалар залға кіреді (жұп-жұбымен)
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме құрметті Ата аналар, апайлар және кішкентай біздің ұл қыздарымыз жаңа жыл мерекесі құтты болсын.
Жаңа жылды біз тойлап.
Шаттанамыз баріміз,
Өлеңде әзір ән әзір.
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл, жаңа жыл деп келесі кезекті біздің әсем әнге берейік.
Балалар қараңдаршы зал қандай әдемі безендірілген, ал шыршамыз қандай көрікті ендеше қазіргі орындайтын әніміз шырша туралы болмақ.
Ән «Кішкентай шырша»
Ән орындалып болған соң, балаларды орнына отырғызу.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы қыс мезгілі қандай әдемі, Жаңа жыл мерекесі өзінің сұлулығымен ерекше. Қане балалар ортаға шығып жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтып берейікші.
Тақпақтар: - 2 бала
Музыка әуені қойылады..
Жүргізуші: Балаларбізге қонаққа біреу келе жатқан сияқты, тыңдаңдаршы, бір дауыс естіп тұрмын.
Ол кім болды екен? Сендер де естідіңдер ме?
Музыкамен залға қоян келеді.
Қоян: Қандай әсем шырша, қандай әдемі балалар.
Жүргізуші: Қоян, сен қайдан келдің қайдан жүрсің
Қоян:Сәлем балалақайлар, Мен сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Осында өзіме ұқсайтын көжектерімді көрдімде арттарыңнан келе жатыр, осындай әдемі кешке тап болдым (таңданып залға қарайды)
Тәрбиеші: Олай болса қош келдің Қоянжан. Кел бізбен бірге ән салып, би билеп, көңіл көтер.
Қоян: Байқаймын менің көжектерім менімен бірге би билегісі келіп тұрған сияқты. Қане ортаға шығып көңіл көтерейік.
«ҚОЯНДАР» БИІ - ұлдар
Жүргізуші: Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы) Аяз ата, Ақшақар!
Жүргізуші: дұрыс балалар Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 – рет
Аяз ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, аяз ата, ақшақар жол жүріп келдіңіздер отырып дем алыңыз.
Аяз ата: Ақшақар қызым ау мына шырша шамдары жағылмаған екен қане балалармен шырша шамын жағайық.
1, 2, 3 шырша жайнай түс.
Шырша шамы жағылады.
Жүргізуші: Шыршамыз жанып, бұрынғыдан да әсем бола түсті. Біздің топтың сұлу қыздарыда әдемі шырша болып жарқырап отыр. Олай болса кішкентай шыршалар биін тамашалаңыздар.
БИ: «ШЫРШАЛАР» қыздардың орындауында
Жүргізуші: Аяз ата сізге біздің балалардың айтар тақпақтары бар екен:
ТАҚПАҚ -
Аяз ата: ой балалар өркендерің өссін қандай әдемі тақпақтар.
Жүргізуші: Балалар ортағы шығып «Жаңа жыл» әнін орындап берейікші
ӘН «ЖАҢА ЖЫЛ »
Қоян: Әндерің қандай керемет балақайлар! Көңіл күйім көтеріліп, сендермен ойнағым келіп кетті, қолымда қарлар бар, қане орнымыздан кетпейміз осы шеңбер болып «Қар атыспақ» ойынын ойнайық.
Ойын: «Қар атыспақ»
Қоян: Рахмет балалар өздерің сондай шапшаң, көңілді екенсіңдер. Балалар айтағойыңдаршы келе жатқан жаңа жыл қандай жыл екен?
Балалар: Жылан жылы
Жүргізуші: Қане ондай болса даусымызды шығарып, қаттырақ жаңа жыл Жыланды шақырайық
ЖЫЛАН:
Мен жыланмын шақпаймын,
Адалдықта сақтаймын.
Түрім суық болсада
Жанып тұрған шоқтаймын. – балалар сендер менен қорықпандар, мен сендермен дос болуға, сендерге 1 жыл бойы қамқор болуға келдім. Менің жылымда барлық баланың армандары орындалады.
Жүргізуші: Қош келдің жаңа жыл! Бізге берекелі, мерекелі жыл бол.
БИ «ФЛЕШМОБ»
Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2025-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңажыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!