"Қош келдің жаңа жыл"
Алматы 2024 жыл
Мақсаты:Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Кейіпкерлер: Аяз ата, Ақшақар, Ұлу, Жылан.
Музыка әуенімен балалар қолдарына жылтыр қарлармен би қимылдарын жасап кіреді, билеп болған соң жарты шеңбер болып, шыршаның қасына барып тұрады.
Жүргізуші:- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Жүргізуші:- Балалар, қараңдаршы, біздің музыка залымыз әдемі безендірілген, біз бүгін Жаңа- жыл мерекесін тойлаймыз. Бізге көптеген қонақтар келіпті, шыршаға әдемі ойыншықтар ілініпті.
Жүргізуші: - Балақайлар, қараңдаршы шыршамызда қаншама ойыншықтар ілінген. Осы әсем шыршамызға әдемі әнімізді айтып берейікші.
Ән: «Кішкентай шырша» (орындыққа отырғызу)
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы қыс мезгілі қандай әдемі, Жаңа жыл мерекесі өзінің сұлулығымен ерекше. Қане балалар ортаға шығып жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтып берейікші.
Тақпақтар:
Сұлтан Айша
Жаңа жыл жаңа жыл Тамаша тамаша
Жаңа жылға жаңа жыр Шыршамыз тұр жараса
Жасыл шырша жаңында Басында әсем жұлдызы
Билеп барлық бала жүр Көз тоймайды қараса
АйкүнімАйсұлтан
Аппақ тоңға оранып Келіндер келіндер
Базарлықты мол алып Тақпақ айтып беріндер
Келді алыс сапардан Жомарт Аяз атадан
Аяз ата оранып Сыйлық алып көріндер
Бекарыс Мәриям Досхан
Жаңа жылда балалар Жасыл желек жамылған
Тек қуаныш көріндер Асыл моншақ тағылған
Ауырмандар ешқашан Міне сұлу шыршамыз
Мықты болып өсіндер Көптен күтіп сағынған
Арғы жақтан есік қағылады.
Жүргізуші:- Балалар мерекемізге қонаққа келген сияқты.
Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді.
Аяз- Ата: Амансыңдар ма, балалар?
Сәлеметсіңдер ме, қонақтар?
Балаларым, балғыным
Өмір гүлім шалғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулықтарың!
Ақшақар: - Балалар, мені таныдыңдар ма? Мен Аяз атаның немересі Ақшақармын!
Аяз-ата- Ой, балалар шыршаларың қандай әдемі, керемет!
Ақшақар: Қандай керемет менің кішкентай фея қыздарым келіп қалыпты,сендермен би билегім келіп тұр. Келіңдер ортаға билейік.
Жүргізуші: Аяз ата сіз ұзақ жолдан шаршаған боларсыз, отырып демалыңыз.
Ал, ақшақар біздің фея қыздарымызбен би билеп көңіл көтерсін.
Би: «ФЕЯ» қыздар
Ақшақар: Балалар қараңдарша айналамызда қаншама ұлпақарлар шашылып жатыр. Қанекей бәріміз қарларды жинап, шыршаның айналасын безендірейік!
Ойын: «Ұлпақарлар жинау»
Ойынның шарты: Балалар ұлпа қарларды жинап, себетке салады.
Ақшақар:-Жарайсыңдар балалар,бір сергіп қалдық. Ой, қандай керемет шырша!!!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі. Сұлулана түсті.
Жүргізуші: Балалардың тақпақтарына кезек берейік.
Тақпақтар:
Елсәуле Әміре
Тамаша сый алып Келді міне жаңа жыл
Келді Аяз атамыз Қарсы алайық бәріміз
Шаттанып қуанып Күліп ойнап би билеп
Шырқап ән айтамыз Ән салайық бәріміз
Кәусар Диар
Ақ қырауға малынған Қарандар мынау шыршаға
Сақалы да мұрты да Неткен әсем көрікті
Аяз ата сағынған Жаңа жылдық думанға
Сәлем берді жұртына Аяз ата келіпті
Асылым
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқаймыз баршамыз
Осы кезде Аяз ата ұйықтап шыршаның қасында отырады.
Ақшақар:- Балалар қараңдар Аяз ата ұйықтап қалды. Ол алыстан келемін деп әбден шаршаған ғой. Ой балалар орнымыздан тұрып Аяз атаны оятайық.
Ойын: «Аяз атаны ояту»
Ойынның шарты: Қане балалар қолымызды қатты соғып, аяғымызды топылдатайықшы аяз ата ұйықтап қалыпты. Алақанымызбен қаттырақ соғайық.
/Ойын 3 рет қайталанады/
Аяз ата:-(оянып кетеді)
Жүргізуші:- Келіңдер балақайлар! Аяз атаны ортаға алып ән айтып берейік.
ӘН «АЯЗ АТА»
Аяз- ата: Тамаша, керемет. Жарайсыңдар балалар әндерің ұнады. Байқаймын маған ұқсаған санта ұлдарды көріп тұрмын, тақпақтарыңды естідім, әндеріңде тыңдадым, Енді билеріңді көрейін.
БИ «САНТА» ҰЛДАР
Тақпақтар;
Нүрәлі Аруна
Тілеймін мен бар әлемге Жаңа жылмен жаңа жылмен
Дос көп болсын жаңа жыл Құттықтаймыз әрине
Ата әже ата әже Әкемізді анамызды
Құтты болсын жаңа жыл Қонақтардың бәрінде
Мұрат Мәриям Ханзада
Сақалы аппақ күмістей Ақ таяғын таянып
Тістері аппақ күріштей Таңмен бірге оянып
Қызыл ала шапаны Аяз ата келіп тұр
Сағындым Аяз атаны Ақ көрпеге оранып
Әділхан
Ал балалар билейік
Ойнайық та күлейік
Аяз ата қуансын
Тақпақ айтып берейік
Ақшақар: Аяз-ата сіз ештеңе ұмытып кеткен жоқсыз ба?
Аяз-ата- Жоқ мен ештеңе ұмытқаным жоқ. /ойланып/ Балалар ән айтты, балалар мен бірге шыршаның шамын жақтым, тақпақтарын тыңдадым, ойын-ойнадық. Жоқ ештеңе ұмытқаным жоқ.
Ақшақар- Балалар айтыңдаршы Аяз-ата сендерге не беруі керек?
Балалар- Сыйлықтар!!!
Аяз ата:- Ой, ой, ой кәрі басым-ай, балаларға сыйлықтарын беруді ұмытып кетіппін ғой. Қане қызым Ақшақар алып кел сыйлықты.
Ақшақар:(Ақшақар шыршаның қасына барып) Ой Аяз ата мында біреу бар ғой. /артқа қарай шегінеді/
Жүргізуші:/жақындап/ ой мында ескі жыл Ұлу отырғой. Келе ғой ұлужан, қорықпа мында біз жаңа жыл мерекесін тойлатып жатырмыз сен мында неге отырсың?
Ұлу:Мен жаңа жыл Жыланды сендерге тезірек алып келейін деп іздеп келе жатып, адасып кеттім, сосын осы шыршаның астына тығылып қалдым.
Ақшақар: Ой, ұлужан өзің тоңыпта қалыпсың, сен мерекеден адаспадың дұрыс тауып келгенсің, мереке осы жерде болып жатыр. Қазір бәріміз бірге жаңа жыл Жыланды дауыстап шақырамыз. Балалар Ұлуға жаңа жылды табуға көмектесеміз ба?
Жылан: Сәлем балақайлар, мен жаңа жыл Жыланмын. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Енді бір жыл бойы сендермен дос болып, сендерге қамқор боламын.
Аяз ата: Міне енді дұрыс болды. Біздің балалар өте зерек, қонақжай. Олай болса, қане Ақшақар қызым, енді шыршаның түбіндегі сыйлықты алып келе қойшы.
Ақшақар шыршаның түбінде жатқан үлкен сыйлықты алып келеді.
Ақшақар:- Қараңдаршы балалар, Аяз ата сендерге қандай керемет сыйлықтар алып келген. Жаңа жыл деген таңғажайыпқа толы мереке ғой! Барлық адамдар бұл мерекені жақсы көреді. қапшықтың ішін ашады, сыйлықтар шығады.
Аяз ата- Ал,кәне,балалар,
Сендерге сыйлығым бар,
Аталарыңның сыйлығын
Қуанып қабыл алыңдар!
Жүргізуші:- Біз өнерлі баламыз,
Ертең-ақ өсіп толамыз.
Атамыздың сыйлығын,
Рахмет айтып аламыз.
Бәрі бірге: РАХМЕТ!
Аяз ата- Ал, балаларым тағыда Жаңа жыл құтты болсын.Енді біздіңде қайтатын уақытымызда болып қалды. Себебі, өздерің секілді балалар өнерлерін дайындап, сыйлықтарын алуға асығып отырған болар. Келесі жылы кездескенше қош сау болыңдар!
Балалар- сау болыңыздар!
Жүргізуші:- Би-биледік,жыр-жырладық,
Қызығына тоймадық.
Достарменен ойнадық,
Жаңа жылды думандатып тойладық! Ал, құрметті қонақтар осымен мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі мерекеде кездескенше қош-сау болыңыздар!