Зердеш-2 балабақшасы – тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы

Зердеш-2 балабақшасы Атамекен 113 мекен-жайда орналасқан , 2021 жылдан өз жұмысын мемлекеттік тілде жүргізіп келеді. Балабақша 120 балаға арналған. Балабақшада 7 топ жұмыс жасайды. Жұмыс уақыты 7:30-19.00 аралығында. Әр топта тәрбиеші және тәрбиеші көмекшісі жұмыс атқарады. Ағылшын, логопед, музыка, би үйірмесі, көркем гимнастика, шахмат, бассейн үйірмелері бар. Сонымен қоса 5 мезгіл дұрыс тамақтану және онлайн бейне бақылау қарастырылған. Күнделікті жұмыстарымыз Zerdeshbaksha2 әлеуметтік желісінде орналастырылып отырады.
Балабақшада тәрбие, білім беру жұмыстары баланың жас ерекшелігіне, күн режиміне сәйкес жасалған бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Тәрбие жұмыстарын арнайы мамандықтары бар тәрбиешілер жүргізеді.
Балабақшадағы балалар 2-ден 3 жасқа дейін — кіші тобына, 3-тен 4 жасқа дейін — ортаңғы тобына, 4-тен 5 жасқа дейін — ерсектер, 5-тен 6 жасқа дейін —мектепке алды топтарына бөлінеді
Балалар үшін музыка залы, дене шынықтыру залы, медициналық кабинет, әдістемелік кабинет, логопед, жұмыс жүргізеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі қызметтерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: «Физикалық қасиеттерді дамыту», «Коммуникативтік дағдыларды дамыту», « Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту», «Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту», «Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру» бес білім беру бағытына негізделген. Әр білім беру бағытының балалардың дамуына қойылатын талаптары мен мақсаттары берілген.
Күн режимі және балалардың тамақтану барысы үнемі ретті. Жұқпалы аурулардан сақтану, болдырмау шаралары және шынықтыру-сауықтыру жұмысы жоспарлы жүргізілуде.. Балаларға жеміс-жидек беру үнемі жүргізіліп тұрады. Балабақша медбикесі шынығу жұмыстары бойынша бақылау жүргізіп отырады. Ата-аналарға да пайдалы кеңестер беріп тұрады. Балабақша қызметкерлерін үнемі,уақытылы медициналық тексеруден өткізіп отырады
Педагогикалық ұжым әрдайым ізденісте, инновациялық жаңалықтарға құмар, өз тәжірибелерінде жаңа технологияларды қолдана отырып, заман талабына жұмыс жасайды. Балабақшада тәрбиеленушілердің білім сапасын жетілдіру мониторингі жүргізіліп отырады.